Версия для слабовидящих

Тараз қаласы тұрғындарының назарына!

Тараз қаласы тұрғындарының назарына! 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап Халықты жұмыспен қамту орталығы атаулы әлеуметтік көмекке өтініштерді қағаз түрінде қабылдауды тоқтатады. 1 тоқсанда отбасыға АӘК тағайындалған жағдайда, Халықты жұмыспен қамту орталығы өтінішті талап етпей, «Е-Халық» ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтерге сүйеніп, 2 тоқсанға АӘК-ке тағайындауға немесе бас тартуға шешім шығарады. Егер отбасы АӘК-ке алушы болмаса, өтініш жұмыспен қамту Орталығына e_gov-порталы арқылы электрондық-санды қолтаңбамен қол қойылып беріледі. Отбасы туралы мәліметтер «Е-Халық» ақпараттық жүйесінен алынады. 2020 жылдың 1 қаңтарынан «Көпбалалы отбасыларға» төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар мөлшеріне өзгеріс енгізілуіне байланысты, АӘК алушы отбасыларының 2 тоқсанда жиынтық табысына есепке алынуына байланысты, көмек мөлшерінің өзгеруі мүмкін немесе отбасының жиынтық табысы кедейлік шегінен асып кетеді.

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау