Версия для слабовидящих

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық  (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

            Құрметті әлеуетті сауда-саттыққа қатысушылар! «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ-сі 2020 жылы 15 сәуірде сағат 11:00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі бағасын көтеру әдісі бойынша электрондық аукцион өткізеді.

            Аукционға қатысуға өтінім беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №290 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру және өткізу қағидасына» сәйкес қабылданады.

            Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу аукцион өткізу туралы хабарландыру тізілімнің веб-порталында жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды.

            Аукционға қатысу үшін мыналарды:

1) жеке тұлғалар үшін:

— жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

            2) заңды тұлғалар үшін:

— бизнес сәйкестендіру нөмірін  (бұдан әрі – БСН), толық  атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

            3) кепілдік жарнаны қайтару үшін  екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу  шотының деректемелерін;

            4) байланыс деректерін  (почталық мекенжайы, телефоны, факс,  e-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын-ала тіркелу қажет. 

            Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қол қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің  веб-порталында тіркеу қажет.

            НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

            Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша  тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді  қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

            Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

            Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион сату объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша басталады.

            Әрбір сатылған сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз  ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.

            Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін белгілейтін құжат болып табылады.

            Сатып алу-сату шарты немесе жалдау шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦК пайдалана  отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік  он күннен аспайтын мерзімде оған қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын  мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.

Аукционға  қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың төмендегі шотына төленеді:

Төлемді алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ;  БСН: 050540004455; ТТК: 171; БЕК: 16.

Банк аталуы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ; ЖСК: KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX.

Төлем мақсаты: Электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна.

Назар аударыңыз! Жеңiмпазға ол сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда кепiлдiк жарнаны қайтармайды.

Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар аукционға қатысушы бірыңғай операторға тізілімнің веб-порталында қатысушының қол қойылған ЭЦҚ арқылы, өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.

Аукционға бағаны көтеру әдісімен келесі сату объектілері қойылады:

Қатар саны Жер учаскесінің мекен-жайы Жер учаскесінің нысаналы мақсаты   Жер учаскесінің ауданы  (га)     Сату объектісі (құқық түрі)         Жер учаскесіне шектеулермен ауыртпашылықтар Бастапқы баға (теңге) Кепілдік жарна жер учаскесінің             5 % қүрайды, бірақ 50 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек (теңге) Жер учаскесіне           1 жылға   қойылатын салық мөлшері (теңге)
1 Тараз қаласы,               4-ші Мелиоратор бұрылысының бойы Үй жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,1665 3 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы   62 338       132 550       16 800
2 Тараз қаласы, «Бәйтерек» мөлтек ауданы №26 тұрғын үйдің маңы Үй жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,0400 3 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы     Электр жүйесін шығару қажет 24 960       132 550       4 220
3 Тараз қаласы, Қ.Сатпаев және Қ.Қойгелді көшелерінің қиылысы Үй жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,1225 3 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы Байланыс, кәріз, жер асты электр жүйелерін, су құбырын шығару қажет және күрделі құрылыс жұмыстарын жүргізу құқығынсыз   152 880     132 550     16 856
4 Тараз қаласы, Қостанай көшесінің бойы Үй жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,4000 3 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы     149 760         132 550         40 360
5 Тараз қаласы,               2-ші Алатау бұрылысының бойы               Үй жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,0500 3 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы       31 200       132 550       5 275      
6 Тараз қаласы, «Шалғай-Қарасу» тұрғын алқабы, Қостанай көшесінің бойы Үй жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,1387 3 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы   51 929       132 550       13 995
7 Тараз қаласы,                      15 шағын ауданы 1000 (мың) орындық мектеп құрылысы үшін 4,0148 3 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы    1 503 141       132 550       405 093
8 Тараз қаласы, Асқаров көшесі №14 жайдың ауласы Үй жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,0216 3 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы   26 957       132 550       2 972
9 Тараз қаласы, Мәмбет батыр көшесінің бойы Үй жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,7000 оның ішінде сервитут үшін 0,0747 3 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы       Сервитут- 0,0747 га 390 187       132 550       65 969

Ұйымдастырушы:  «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ-сі, анықтама алу үшін телефон: 8 (7262) 45-41-17.

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау