Версия для слабовидящих

«7-20-25» және «Баспана хит» ипотекалық бағдарламалары бойынша ай сайынғы төлемдердің мерзімін ұзарту туралы

«7-20-25» және «Баспана хит» ипотекалық бағдарламалары бойынша ай сайынғы төлемдердің мерзімін ұзарту туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі короновирустық инфекция пандемиясына байланысты халықтың қаржылық жағдайын қолдау үшін Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінің «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» атты бірінші бастамасын іске асыру шеңберінде қолға алынған «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасына, сондай-ақ «Баспана-хит» тұрғын үй бағдарламасына өзгерістер енгізді.

Бағдарламаларға толықтырулар короновирустық инфекция пандемиясының таралуы және елде төтенше жағдайдың енгізілуі нәтижесінде зардап шеккен қарыз алушылар үшін негізгі борыш және (немесе) сыйақы төлемдері бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күнге дейінгі мерзімге айыппұлдар және (немесе) өсімпұлдар есептеместен мерзімін ұзартуды көздейді.

Төтенше жағдай кезеңінде қиындыққа тап болған қарыз алушылар банктермен бірлесіп төлемдер бойынша ақы төлеудің ыңғайлы тетігін әзірлеп шығарады.

«7-20-25» және «Баспана-хит» бағдарламалары бойынша қарыз алушыларды қолдау шараларын іске асыру банктермен бірлесіп жүзеге асырылатын болады. Тұрғын үй бағдарламаларының қарыз алушылары ай сайынғы төлемдерінің мерзімін елде төтенше жағдай енгізілген күннен бастап, яғни  2020 жылғы 16 наурыздан бастап ұзарта алады.

«7-20-25» және «Баспана-хит» бағдарламаларының банк-серіктестіктері «Банк РБК» АҚ, «Еуразиялық Банк» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «First Heartland Jysan Bank» АҚ, «Fortebank» АҚ, «Халық Банк» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Жинақ Банк» болып табылады.

ҚР Ұлттық Банкінің

Жамбыл филиалы

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау