Версия для слабовидящих

Тараз қаласының тұрғындарының назарына!

Тараз қаласының тұрғындарының назарына!

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің  2020 жылғы 3 сәуірдегі бірлескен бұйрықтарына сәйкес 9  түрлі әлеуметтік маңызы бар   азық-түлік тауарларына шекті  бағалары бекітілді.

Жамбыл облысы бойынша шекті бағалар келесідей:

бірінші сортты бидай ұны- 149 тг/кг;

— бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді) -138 тг/кг, рожки (өлшеніп салынатын)- 206 тг/кг,

-қарақұмық жармасы -260 тг/кг,

— тазартылған күріш -258 тг/кг,

— сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі) – 1774 тн/кг,

— тауық жұмыртқасы (I санатты), ондық- 271 тг,

— күнбағыс майы -418 тг/кг,

-аc тұзы («Экстра»-дан басқа)-52 тн/кг).

          Тараз қаласында  әлеуметтік маңызы бар  тауарлардың бағасын мемлекеттік қадағалау жөніндегі Жедел Штаб құрылды.

         «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 202-бабына сәйкес ішкі сауда субъектілерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін арттыруы 100 айлық есептік көрсеткіш (277 200 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қазіргі уақытта қала әкімдігі жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде бақылау іс-шараларын жүргізуде.  Осыған байланысты сауда ұйымдарындағы баға саясатын бұзудың барлық фактілері бойынша Сіздерден WhatsApp 8775569000 нөмірі бойынша немесе opp-taraz@mail.ru электрондық пошта арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау