Версия для слабовидящих

Тараз қаласының тұрғындарының назарына!

Тараз қаласының тұрғындарының назарына!

Елімізде етек жайған коронавирус індеті күннен-күнге өршіп отыр. Тараз қаласы бойынша «Қарасу» және «Аса» шағын аудандарында 2 вирустық инфекция ошағы тіркелді. Сонымен қатар, қала тұрғындарының «Мыңбұлақ», «Айрылмас» және «Қайқармет» сауда павильондарының аумағында санитарлық қауіпсіздік шараларының сақтамауы байқалады. Карантин режимін сақтау мақсатында қала әкімдігі аталған сауда павильондарының қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Аталған  объектілердің  әкімшілері Р. Мыркалыков, Б. Алмасов және А. Ахметов тарапынан бұл шешім толығымен қолдау тапты және ағымдағы жылдың 15 сәуірінен бастап сауда павильондары жабылатын болады.

Құрметті қала тұрғындары! Тараз қаласының әкімдігі, Сізден осы санитарлық қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарап, үй жанындағы дүкендерден азық-түлік пен тауарларды сатып алуды және карантин режимі кезінде белгіленген шектеулерді сақтауларыңызды сұранады.

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау