Версия для слабовидящих

Ескі үлгідегі 500 теңгелік банкноттардың қатар айналысы кезеңінің аяқталуы туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2020 жылғы
10 маусымда
2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттардың  қатар айналысы кезеңінің аяқталатынын еске салады.

Қатар айналыс кезеңінде 2006 жылғы үлгідегі номиналы
500 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және төлемдер мен ақша аударымдарының барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қабылдануға міндетті.

2020 жылғы 10 маусымға дейін қоса алғанда ескі үлгідегібанкноттарды төлем құралы ретінде қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді. Заңды төлем құралы болып табылатын банкноттар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 206-бабын бұзуға әкеп соқтырады.

Ескі және жаңа үлгілердегі банкноттардың қатар айналысы кезеңінде 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттарды қабылдаудан бас тарту фактілері туындаған жағдайда, тиісті шаралар қабылдау үшін Ұлттық Банктің аумақтық филиалына өтініш жасау қажет.

Осылайша, 2020 жылғы 10 маусымға дейін 2006 және
2017 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар айналыста болады және заңды төлем құралы болып табылады.

2020 ЖЫЛҒЫ 10 МАУСЫМҒА ДЕЙІН

                           2006 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІСІ                                    2017 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІСІ

ҚРҰБ Төрағасының қолымен  
ҚРҰБ Төрағасының қолысыз  

2020 жылғы 10 маусымнан кейін (кезең аяқталған соң):

— екінші деңгейдегі банктер қатар айналыс кезеңі аяқталған күннен бастап 12 ай ішінде ескі үлгідегібанкноттарды қабылдайды және қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастайды;

— Ұлттық Банктің филиалдары екінші деңгейдегі банктердің қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталған соң тағы 3 жыл ішінде ескі үлгідегібанкноттарды қабылдайды, сондай-ақ оларды жаңа үлгідегі ақша белгілеріне айырбастайды.

Осылайша, 2020 жылғы 10 маусымнан кейін 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып табылмайды. Сонымен бірге, 2017 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар айналыста болады және төлемдердің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетулі құны бойынша, сондай-ақ банк шотына есепке алу және аудару үшін қабылдауға, барлық банктер мен Ұлттық пошта операторы шектеместен ұсақтауға және айырбастауға міндетті болып қала береді. 

2020 ЖЫЛҒЫ 10 МАУСЫМНАН КЕЙІН

                           2006 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІСІ                                    2017 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІСІ

ҚРҰБ Төрағасының қолысыз    
ҚРҰБ Төрағасының қолымен    

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау