Версия для слабовидящих

Тазартылған алтын өлшеуіш құймаларды айырбастау пункттері арқылы сату туралы

2017 жылдыңмамыр айында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Халыққа арналған тазартылған алтын өлшеуіш құймаларды сату мен сатып алу  бағдарламасын іске қосты. Осы Бағдарлама шеңберіндетазартылған алтынның алтын құймаларын екінші деңгейдегі банктер: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ»«Ресей Жинақ Банкі» АҚ ЕБжәне «First Heartland Jýsan Bank» АҚ арқылы сатып алуғаболатын.

Тазартылған алтынның алтын құймаларыҚазақстан теңге сарайында дайындалады, бүгінгі күнге оның бес түрі бар: 5, 10, 20, 50 және 100 грамм.Сонымен, 5 грамдық құйма сирень түсті арнайы орамда, 10 грамдық — күрең қызыл түсті, 20 грамдық – жасыл, 50 грамдық – көгілдір және 100 грамдық құйма  алтын түсті орамда ұсынылады.

Алтын құймалар нарығының өтімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторы клиентке «күнбе күн» ақша төлей отырып оларды екінші деңгейдегі банктердің кері сатып алу мүмкіндігі болып табылады.Әрбір құйма қорғаныш элементтерімен жабдықталған (құймалардың жылтыр беті, микромәтін және бедерлі қыры) және құймаларды механикалық бүлінуден қорғайтын және ораудың ашылу-ашылмауын тексеруге мүмкіндік беретін арнайы орауда шығарылады.Қорғаныш орау құйманың сапа сертификаты болып табылады. Сондықтан құйманы ұқыпты сақтау және орауды ашпау ұсынылады.

Құймалардың бет жағындағы бейнелер:

Жоғарғы бөлігінде — бұғының сұлбасы, «Қазақстан», «Казахстан» деген жазбалар.

Құйманың ортасында «АЛТЫН» жəне «ЗОЛОТО» жазбалары орналасқан, жоғарғы бөлігінде салмағы жəне төменгі бөлігінде металдың тазалығын білдіретін 999,9 цифры бейнеленген.

Төменгі бөлігінде — Қазақстан теңге сарайының логотипі жəне құйма нөмірі орналасқан.

Құймалардың сырт жағындағы бейнелер:

Жоғарғы бөлігінде — Ұлттық Банктің логотипі.

Ортасында — қанатты барыстың стильдендірілген сұлбасы бейнеленген.

2018 жылдың желтоқсан айынан бастап тазартылған алтынның өлшеуіш құймалары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың айырбастау пунктерінде (бұдан әрі – уәкілетті ұйымдардар) қолжетімді.

Уәкілетті ұйымдар тазартылған алтынның өлшеуіш құймаларын шарт негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, сондай-ақ жеке тұлғалардан сатып алады.

Осындай құймаларды сатып алу және (немесе) сату құны туралы мәліметтер клиенттерге көрінетін жерде орналасқан ақпараттық стендіге орналастырылады.Тазартылған алтынның өлшеуіш құймаларының құнын ұйым басшысы өкімініңнегізіндеуәкілетті ұйым өзі дербес белгілейді.

Уәкілетті ұйымдарға арнайы қаптамасы ашылған, сондай-ақ арнайы қаптамасы жоқ тазартылған алтынның өлшеуіш құймаларын сатуға жол берілмейді. Халықтан мұндай өлшеуіш құймаларды қабылдауды Ұлттық Банкпен оларды сатып алуға шарттық қатынастары бар уәкілетті ұйымдар ғана жүзеге асырады. Бұл ретте, олар жеке тұлғаны мұндай алтынды сатып алу мақсатында Ұлттық Банкке жібергені үшін комиссиялық сыйақы алынатыны туралы хабардар етеді. Уәкілетті ұйымдар комиссиялық сыйақыны дербес белгілейді, бірақ ол тазартылған алтынның өлшеуіш құймаларыныңноминалды құнының 10 (он) пайызынан аспауы тиіс.

Ақша қаражатын бағалы металдарға салу бұл инвестициялаудыңтұрақты және сенімді көзі, ол банктердегі депозиттерге немесе Ұлттық Банктің инвестициялық монеталарына балама болып табылады.

Қазіргі таңда,  Жамбыл облысында тазартылған алтынның өлшеуіш құймаларынсату мен сатып алу операцияларын бір ғана уәкілетті ұйым -Тараз қаласы, Абай даңғылы 147/2 үй мекен-жайында орналасқан «BM Exchange» ЖШС жүзеге асырады.

ҚР Ұлттық Банкі

Жамбыл филиалының

бас маман -экономисі

Сүгірбеков Жандос

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау