Версия для слабовидящих

«Он жасқа толған баланың пiкiрi ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 24 сәуірдегі
№ 158 бұйрығына
12-қосымша

«Он жасқа толған баланың пiкiрi ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы «Он жасқа толған баланың пiкiрi ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және он жасқа толған баланың пiкiрi ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жеке сәйкестендiру нөмiрi — жеке тұлға, соның iшiнде өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;

2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. «Он жасқа толған баланың пiкiрi ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі — мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті алушы) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Он жасқа толған баланың пiкiрi ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1 — қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      4. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісім алады.

      5. Құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті беруші 4 (төрт) жұмыс күні ішінде кәмелетке толмаған баланың ата-анасының немесе басқа заңды өкілінің (өкілдерінің) қатысуымен оның пікірін ресімдеу үшін баламен (балалармен) әңгімелесу өткізеді.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші кәмелетке толмағанмен(-дармен) әңгімелесу өткізілгеннен кейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорғаншы және қамқоршы органның он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы шешімін (бұдан әрі — шешім) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде шешімді не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

      8. Құжаттарды қараудың және шешім алудың жалпы мерзімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беріледі.

      Мемлекеттік қызметті тікелей көрсеткен көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

      10. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

«Он жасқа толған баланың пiкiрi
ескеру туралы қорғаншылық
немесе қамқоршылық
органының шешімін беру»
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Нұр-Сұлтан, Алматы және
Шымкент қалаларының,
облыстық маңызы бар
аудандар мен қалалардың
жергілікті атқарушы органдары
___________________________
____________________________
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
және жеке сәйкестендіру нөмірі
____________________________
____________________________
____________________________
мекенжайы, телефоны

Өтініш

Менің он жасқа толған баламның (балаларымның):

1.___________________________________________________________________

(балалардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және жеке сәйкестендіру нөмірі

2.___________________________________________________________________

3.___________________________________________________________________

___, __________________________ мекенжайда тұратын пікірін есепке алу туралы

шешімін беруіңізді сұраймын.

Ақпараттық жүйелерде сипатталған «Дербес деректер және оларды қорғау туралы»

2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен құпия қорғалатын

мәліметтерді қолдануға келісемін.

«___» ____________20___ жыл                   азаматтың (азаматшаның) қолы

«Он жасқа толған баланың пiкiрi
ескеру туралы қорғаншылық
немесе қамқоршылық
органының шешімін беру»
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
2-қосымша
Нысан

«Он жасқа толған баланың пiкiрi ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары
2 Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1) құжаттарды тапсырған сәттен бастап — 10 (он) жұмыс күні;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты — 15 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты — 30 минут.
4 Көрсету нысаны Қағаз жүзінде
5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының шешімі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
6 Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және оны алу тәсілдері Тегін
7 Жұмыс кестесі Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұма аралығын қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің: www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналасқан.
8 Құжаттардың тізбесі 1) өтініш;
2) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
3) некеде тұрған жағдайда, жоқ жұбайының (зайыбының) атынан нотариалды расталған келісімі;
4) «АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда (бұдан әрі — АХАЖ АЖ) не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған жағдайда некеге тұру туралы куәліктің көшірмесі;
5) АХАЖ АЖ-де мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі.
9 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
10 Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
«Он жасқа толған баланың пiкiрi
ескеру туралы қорғаншылық
немесе қамқоршылық
органының шешімін беру»
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының шешімі

____________________________________________________________________

(органның атауы)

______________________________ қорғаншылар мен қамқоршылар органдары

____________________________________________________________________

(қорғаншылар мен қамқоршылар органы маманының Т.А.Ә. (бар болғанда))

__________________ ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдердің қатысуымен

____________________________________________________________________

(ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдерінің Т.А.Ә. (бар болғанда)

кәмелетке толмағанның(дардың) ____________________________________

(баланың Т.А.Ә. (бар болғанда), туған жылы)

___________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(мәселенің мәнін көрсету)

пікірін ескере отырып «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан

Республикасы Кодексінің 62-бабына сәйкес,

______________________________________________________________ шешті.

(мәселенің мәні бойынша баланың пікірінің сипаттамасы)

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент

қалаларының, облыстық маңызы бар

аудандар мен қалалардың жергілікті

атқарушы органының басшысы                         ____________

(қолы) (тегі)

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау