Версия для слабовидящих

Тараз қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жарияланатын жалпы конкурс туралы хабарландыру

Конкурс туралы хабарландыру мәтініне

персоналды басқару қызметі жауапты

Тараз қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының бос әкімшілік

мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жарияланатын

жалпы конкурс туралы хабарландыру

Барлық жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

Е-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

      жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-R-2 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

E-R-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік  әкімшілік  қызметшінің 

лауазымдық  жалақыcы

Санаты Лауазымдық  жалақысы  қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде
1 Е-4 100688 136416
2 Е-R-2 127422 172394
3 E-R-4 95274 128837

Жамбыл облысы, Тараз қаласы әкімінің аппараты (080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі 3, 3-қабат, 314, 315  кабинет, анықтама үшін телефондар: 8(7262) 43-46-66, 43-47-23 (тел/факс).

1. Тараз қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас маманы, «Е-4» санаты, (№07-0-5)

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Үкімет қаулыларын, облыс және қала әкімдерінің, облыс және қала мәслихаттарының нормативтік-құқықтық актілерін, қаулылары, шешімдері мен өкімдерін орындау жұмыстарын ұйымдастыру. Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының, қалалық аппараттық кеңестердің, қала әкімінің төрағалық етуімен өтетін мәжілістердің, жиналыстардың хаттамалық тапсырмаларының орындалуы бойынша ақпараттар жинақтау, бақылауға алынған бағдарламалардың орындалуына және комиссиялардың, топтардың және басқа да алқалы органдардың жұмыстарына зерделеу жүргізу, облыс және қала әкімдерінің халыққа және мәслихаттарға есеп беру кездесулерінде айтылған тапсырмаларды орындау бойнша жұмыстарды ұйымдастыру.

Қала әкімі мен оның орынбасарлары жүргізетін мәжілістерге тиісті сұрақтар бойынша қаулылар, өкімдер мен шешімдер жобасын дайындау. Қалалық аппараттық кеңестерге тиісті сұрақтар бойынша ақпараттар жинақтау. Жамбыл облысының және Тараз қаласының Құрметті азаматы атағымен марапаттауға материалдар дайындау, қала әкімдігінің, әкім аппаратының жұмыс жоспарларын әзірлеу. «АИС Сайлаушы» ақпараттық жүйесі бойынша сайлаушылар тізімін дайындау, тоқсан сайын сайлаушылардың қозғалысы туралы мәліметтер ұсыну.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Білім саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы, гуманитарлық ғылымдары саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы,  қызмет көрсету саласындағы немесе ауыл шаруашылық ғылымдары саласындағы немесе өнер  саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік.

Мамандығы: Білім саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе  қызмет көрсету саласындағы (жалпы) немесе ауыл шаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе өнер  саласындағы (жалпы).

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік процедурасы туралы» Заңдарын, іс жүргізу негізін білу және мемлекеттік басқару саласындағы қатынасты ретке келтірудегі Қазақстан Республикасындағы нормативтік-құқықтық актілерін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

2. Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары , санаты «Е-R-2» (№01-25-2).

Қызметтік міндеттері: Қаланың әлеуметтік — экономикалық дамуы бойынша ақпараттық материалдарды дайындау, қаланы дамытудың стратегиялық жоспарын әзірлеу. Ағымдағы жылдың бекітілген бюджетін нақтылауға ұсыныс әзірлеу. Болжамды үш жылдық кезеңге бюджеттік жобасын ұсыну. Әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы мен бюджеттік бағдарламалардың орындалуын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, іс-жүргізуді  бақылауға алу.

Бөлім жұмысының үйлесімділігі, бөлімнің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша атқарушы органдармен өзара қарым-қатынас жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнессаласындағы жоғары.

Мамандығы: Экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе жобаларды басқару немесе маркетинг немесе статистика немесе әлемдік экономика.

Қазақстан-2050 Стратегиясын, «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» заңдарын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі»,«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңнамасын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

3. Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бухгалтерлік есеп және бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру секторының бас маманы, санаты «Е-R-4» (№05-3).

Қызметтік міндеттері: -Ағымдағы жылға тарификациондық тізім мен штаттық кестені дайындау.

-Бюджеттік өтінімді өңдеп, дайындау;

-Ағымдағы жылға тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарын дайындау;

-Ағымдағы жылға төлемдер және міндеттемелер бойынша 12 айға бөлінген қаржыландыру жоспарын дайындау;

-Қаржыландыру жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

-Бюджеттік бағдарламаларды игеру жөнінде талдау жасау;

-Мемлекеттік сатып алу жоспарын орындау туралы талдау жасау;

-Ай сайын бағдарламалар бойынша бюджеттің орындалуы туралы есеп тапсыру;

-Ай сайын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есепті тапсыру;

-Қазынашылық Департаментімен банктік құжаттарды алу-беру қызметін атқару;

-Сектор меңгерушісінің  тапсырмасын  орындау;

-Еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шараларын орындау, ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік.   

Мамандығы: Экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.

«Қазақстан — 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының  Еңбек  және Бюджеттік кодекстерін, «Бухгалтерлік есеп және қаржы жүйесі туралы» Заңын функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлерiн  бiлу.

4. Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің коммуналдық шаруашылықты шұғыл басқару секторының бас маманы, «Е-R-4» санаты, (№01-10)

Функционалдық міндеттері:

Қаланы абаттандыру, көгеріштендіру және санитарлық тазалау бойынша жоспарланған жұмыстарға мемлекеттік сатып алу конкурсының техникалық ерекшеліктерін әзірлеу. Отын-энергетика кешені, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық нысандары мен бюджеттік ұйымдардың, коммуналдық мекемелердің күзгі-қысқы маусымдағы жұмыстарына дайындығын бақылау. Жылу қазандықтарын, жылу жүйелерін аралау, жылыту маусымына дайындық жөнінде әзірлік паспортын беру. Қала тұрғындары мен бюджеттік ұйымдарды жылумен, ыстық сумен қамтамасыз ету жұмыстарының барысын қадағалау. Жылу беруші және жылу тасымалдаушы мекемелермен жұмыс атқару. Осы жұмыстарға қатысты  бұйрық және қаулы  жобасын дайындау. Нормативтік құқықтық актілердің және хаттамалық тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен ұйымдардың өтініштерін қарастырып, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауап әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы  немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік.

Мамандығы: Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылыс құрылымдарын өндіру немесе құрылыс немесе жылу энергетикасы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

5. Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің көлік және жолаушылар тасымалдау секторының бас маманы, «Е-R-4» санаты, (№01-14)

Функционалдық міндеттері:

Тұрақты автобус бағыттарында қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастырады. Жоспар бойынша қалалық қоғамдық автокөліктерінің техникалық жағдайының көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы мезгілдерде жұмыс істеу дайындығына байқау өткізеді. Жолаушы көлігі жұмыстарының кемшіліктері бойынша түскен өтініштер мен шағымдарды қарастыру. Қалалық тұрақты бағыттарда жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру үшін тасымалдаушы мекемелермен екі жақты жасалынған келісімшарт талаптарының орындалуына бақылау жұмыстарын жүргізу, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті шара қолдану. Жолаушы тасымалдау саласын жетілдіру және қызмет көрсету мәдениетін жоғарылату іс-шараларын жүргізу. Осы жұмыстарға қатысты  бұйрық және қаулы  жобасын дайындау. Нормативтік-құқықтық актілердің және хаттамалық тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы  немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе қызмет көрсету немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік.

Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары немесе көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

6. Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, «Е-R-4» санаты, (№01-24-4).

Функционалдық міндеттері:

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;

 Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру;

 Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу);

 Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Құқық саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік.

Мамандығы: Құқықтану немесе халықаралық құқық немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) немесе биотехнология немесе көлік құрылысы  немесе көлік, көліктік техникасы және технологиялары немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормтивтік құқықтық актілерін білу.

7. Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қоғамдық-саяси және бұқаралық ақпарат құралдарымен, жастармен жұмыс жөніндегі секторының бас маманы,  «Е-R-4» санаты, (№01-2-1).

Функционалдық міндеттері:

Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға. Жастарды қорғау, әлеуметтік жағынан қолдау,  жұмыспен қамту, жастарды кәсіби даярлауды қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық, саяси, құқықтық және ұйымдастыру шараларын, бағдарламаларын  әзірлейді және іске асырады. Жастар ресурстық орталығы мен балалар аула клубтарының жұмыстарын үйлестіреді және жұмыс сапасына мониторинг жүргізеді. Жастар саясаты мәселесі бойынша мемлекеттік әлеуметтік маңызды жобалардың уақытылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді және қадағалайды. Жоғарғы және арнаулы оқу орындарымен өзара іс-әрекетті қамтамасыз етуге, жастардың бос уақытын өткізу мәселесімен айналысуға. Жастар бірлестіктерінің қызметтерін үйлестіреді, Жастар бірлестіктерімен байланысты жүзеге асырады. Тараз қаласы әкімдігі жанындағы  жастар ісі жөніндегі Кеңестің, Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырыстарын тұрақты түрде жүргізілуін ұйымдастырады. «Мемлекеттік жастар саясаты туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы», Қазақстан Республикасының Заңнамаларының талаптарына сәйкес жұмыс жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: білім саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе құқық саласындағы  жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік.

Мамандығы: білім саласындағы (жалпы) немесе қоғаммен байланыс немесе журналистика немесе саясаттану немесе әлеуметтану немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе жобаларды басқару немесе психология немесе филология немесе мәдениеттану немесе шығыстану немесе тарих немесе құқық саласындағы (жалпы).

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңын, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу үш бағдарламадан тұрады:

 Екінші бағдарлама B-5, B-6, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (130 сұрақ) кем дегенде 78 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 105 минутті құрайды.

Үшінші бағдарлама C-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (100 сұрақ) кем дегенде 50 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 85 минутті құрайды.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша Тараз қаласы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап  3 жұмыс күн ішінде Жамбыл облысы Тараз қаласы Сүлейменов көшесі 3 (2-қабат) мекен-жайда орналасқан Тараз қаласы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан

____________________________________
                   (мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

                                                                                 (иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы:_________________________________________________________________________

Байланыс телефоны:___________________________________________________________________

e-maіl:__________________________________      ЖСН:_____________________________________

____________   _____________________________________________________
        (қолы)                         (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

                                                                                              Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

  _____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии)
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)
 
  _____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория (болған жағдайда/при наличии) _____________________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный идентификационный номер)
 
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері/
Дата и место рождения
2. Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
3. Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы/ Семейное положение, наличие детей
4. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
5. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
6. Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
7. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
8. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
9. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
10. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/
приема
босатылған/
увольнения
   
           
           
           
           
           
         
         
       
       
       
       
       
       
       
       
       
    _____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
  _______________
күні/дата

* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау