Версия для слабовидящих

Көмек керуені

Тараз қалалық мәслихаты депутаттарының ұйымдастыруымен Мақтарал ауданының тұрғындарына азық-түлік тиелген көлік жолға шықты.

Сәндібек Піренов

Мақтарал ауданындағы жағдайға байланысты еліміздің барлық өңірлері гуманитарлық көмекпен қолдау көрсетуде. Жамбыл өңірінде осыған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Nur Otan» партиясы, облыстың белсенді азаматтары қайырымдылық шарасына үн қосқан. Бұл жолы Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев бастаған депутаттар Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің ауласына жиылып, алдымен тауарларды сол жерге жинады.
– Мақтарал ауданындағы жағдайға байланысты қалалық мәлихаттың депутаттары жұмылып көмек көрсетуді ұйғардық. Осыған дейін апат аймағында қалған ағайынға қандай тауарлар қажет екенін анықтап алып, азық-түлік, киім-кешек, гигиеналық заттар, тұрмыстық техникалардан 1 тоңазытқыш, 1 кір жуғыш машинасы, 1 теледидар, 5 үтік сатып алынды. Жалпы азық-түлік көлемі 4,5 тоннаны құрады, – деді Батырбек Әбдірәсілұлы.
Жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатынын ескерген депутаттар алдағы уақытта тағы да көмек керуенін жіберуге ниетті.

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау