Версия для слабовидящих

ҚҰРМЕТТІ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!

ҚұРМЕТТІ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!

Кәсіби мерекелеріңіз – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке бай мәдени мұрамызды дәріптеуге зор үлес қосып жүрген жандарды біріктірген, шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің белгісі, әрбір мәдениет қызметкері үшін ерекше күн.

Ал мәдениет қызметкерлері – айналасын думанға бөлей білетін сан қырлы талант иесі және жан дүниесі бай, нағыз өз ісінің майталман шебері ретінде өнерге берілген азаматтар.

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні – музей, кітапхана, театр, филармония, мәдениет үйлері қызметкерлерінің ғана емес, сонымен қатар сала ардагерлерінің, шығармашылық одақ қайраткерлерінің де мерекесі.

Өнер мен мәдениет – егіз ұғым, бұл бағыттағы әр қадам игілікті.  Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мәдениет мекемелері қызметкерлерінің белсенді қатысуларының арқасында қаламызда табысты жүзеге асырылуда.

Сіздердің еңбектеріңіз қашанда халықтың көз алдында, елді ұлттық мәдениеттің қайнарына сусындатып, ондағы ең асылды көре білесіздер, адамдарға мереке және көтеріңкі көңіл-күй сыйлайсыздар. Мейрамдар – Сіздер үшін дағдылы жұмыс күндері. Еңбексүйгіштіктеріңіздің және шығармашылықтарыңыздың арқасында қаламыздың мәдениеті жылдан жылға көркейіп келеді.

Осы салада аянбай еңбек етіп, халықтың көңілінен шығып жүрген Сіздерге деген алғысымыз зор.

Ел мәдениетінің одан әрі гүлденуіне, өнеріміздің асқақтауына қызмет етіп, халқымызды шығармашылық табыстарыңызбен қуанта беріңіздер!

 Тараз қаласының әкімі                        Айтқазы Қарабалаев

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау