Версия для слабовидящих

Жамбыл облысында ХҚО жұмысы қайта жанданды

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2 маусым                                                                                            Тараз қ.

                                 Жамбыл облысында ХҚО жұмысы қайта жанданды

  Жамбыл облысының облыстық жедел штабының шешімімен 2 маусымнан бастап облыста барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмысын қайта бастайды.

  Алайда вирустың таралу қаупі сақталуына байланысты тұрғындар ХҚО-да электронды форматта қолжетімсіз «қағаз жүзіндегі» қызметтерді және egov.kz порталында рәсімделген қызметтердің нәтижелерін ала алады.

  ХҚО-ға бару үшін кезек уақытын 1414 байланыс орталығы немесе egov.kz порталындағы арнайы сервис және egovkzbot2.0 телеграм-боты арқылы алдына ала брондау қажет болады.

  «Азаматтарға арналған үкімет» Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Қыстаубай Сағынтаевтың айтуынша, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі әлі де бар. «Кезекті алдын ала брондау шаралары тұрғындар мен қызметкерлеріміздің саулығын қамтамасыз ету мақсатында жасалған. Сондай-ақ орталықтарға барған кезде бетперде кию тәртібін сақтау маңызды», — деп атап өтті Сағынтаев.

  Ол сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің 80%- дан астамын egov.kz электронды үкімет порталы, телеграмдағы eGovKzBot2.0 боты және eGovMobile мобильдік қосымшасы арқылы онлайн форматта алуға болатынын айтты. Таяуда жеке және заңды тұлғаларға ЭЦҚ беру бойынша қызмет онлайн форматқа ауыстырылды.

  Компьютері жоқ азаматтар үшін Жамбыл облысында ХҚО ғимаратынан тыс, өздігінен қызмет алуға арналған 30 egov бұрышы ашылды. Олар қала әкімдігінің, қалалық кітапханаларда және ауыл әкімдіктерінің ғимараттарында орналасқан. Облыста басқа ұйымдар іске қосылғаннан кейін осындай бұрыштар саны тағы ұлғаятын болады.

  Дегенмен 3 санаттағы азаматтар, яғни зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектер электрондық қызметтерді ХҚО-дан да ала алады. Әр фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезесі жұмыс істейді. Сондай-ақ олар да ХҚО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек.

  Естеріңізге сала кетейік, мүмкіндігі шектеулі азаматтар 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, ХҚО қызметкерін үйге шақырта алады.

  Айта кету керек, аталған өзгерістер Тараз қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына ғана қатысты. Аудан орталықтары мен ауылды жерлерде орналасқан ХҚО-лар өзгеріссіз жұмыс істейтін болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» МК ҚЕ АҚ

Жамбыл облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау