Версия для слабовидящих

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу туралы Хабарлама

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін

аккредиттеу туралы

Хабарлама

         «Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» КММ-і  2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына және Тараз қаласы әкімдігінің 2020 жылдың 26 наурыздағы  «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу туралы комиссиясын құру туралы» №1103 Қаулысына сәйкес, Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жұмыстарын жүргізуді жариялайды.

    Аккредиттеу алу үшін өтініш беруші мына төмендегі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. Осы Ережеге 1 қосымшаға сәйкес өтініш;
  2. Салыстыру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда бірлестікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
  3. Бірлестік мүшелерінің тізімі.

Құжат қабылдау уақыты жарнаманың жария етілу күнінен бастап 1 ай көлемінде мына мекен-жайда: Тараз қаласы, Төле би  көшесі 57Б үй, 3 қабат, сол жақ блок,(Достық алаңы, бұрынғы Мұрағат ғимараты) құжат қағаз жүзінде қабылданады немесе opp-taraz@mail.ru электронды пошта арқылы қабылданады.

Өтініш  формасын  және  аккредиттеу туралы кеңес алу үшін   8(7262) 43-29-40, 45-96-08  телефонына хабарласа аласыздар.

         Аккредиттеу Ережесімен танысуға және бірлестіктерге (одақтарға) біліктілік талаптары туралы  Тараз қаласы әкімінің taraz.shambyl.gov.kz ресми сайттынан  алуға болады.

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау