Версия для слабовидящих

Судағы қауіпсіздік бақылауда

Қазіргі уақытта, жазғы демалыс басталысымен, құтқарушылар қала шегінде Талас өзенінің бойында және каналдарда алдын алу жұмыстарын жалғастыруда.

Маусым айында үгіт-насихат жұмыстары ұйымдастырылды, онда Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Жедел-құтқару жасағы мен жергілікті полиция қызметкерлері, сондай-ақ қала әкімдігінің мамандары күнделікті алдын алу шараларын өткізу және судағы жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру үшін рейдтік іс-шаралар өткізуде. Демалушыларға жадынамалар таратып, сондай-ақ суға түсуге рұқсат етілген және тыйым салынған орындарына көрсетілген патрульдеу картасы жасалды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Үкіметімен 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 Қаулысымен бекітілген нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарга арналған «Еңбек» бағдарламасына сәйкес, Тараз қаласы Әкімінің қолдауымен, қала аумағында шомылуға рұқсат етілмеген орындарда, судағы қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында, «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» мекемесі есебінен қоғамдық құтқарушылар бөлініп, күнделікті қызметатқаруда. Олардың басты міндеттері шомылуға рұқсат етілмеген орындарда қала тұрғындарына судағы қауіпсіздік шараларын түсіндіру.

Ашық үкімет

Ашық деректер Ашық НҚА Ашық диалог Ашық бюджеттер Тиімділікті бағалау