Версия для слабовидящих

Қала әкімі

b_5

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Президенті Әкімшілігімен келісе Тараз қаласының әкімі болып Қайрат Әскербекұлы Досаев тағайындалды. Қайрат Әскербекұлы Досаев 1965 жылы туған. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1987 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын «инженер-механик», 2007 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «экономист» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1987 жылы Алматы қаласында «Казсельхозмеханизация» ғылыми-өндірістік бірлестігінің инженері болып бастаған. 1994-1996 жылдары «Алтын диірмен» АҚ-ның инженері, «Дешт» ЖШС-нің директоры, 1996-1998 жылдары Алматы қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бөлім бастығының орынбасары, Алматы қаласы Бостандық ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің сектор меңгерушісі, бастықтың орынбасары, 1998-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігі төрағасының көмекшісі қызметтерін атқарған. Сонымен қатар, ол 2001-2007 жылдары Алматы облысы әкімінің көмекшісі, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Алматы облысы Қаратал ауданының әкімі, Алматы облысының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау және тарифтер жөніндегі басқармаларының бастығы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кеңесшісі қызметтерін атақарған. 2007-2008 жылдары «Мекен» ЖШС-нің директоры, 2008-2011 жылдары «2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ-ның Алматы филиалының директоры, 2011 жылдың мамыр айынан бастап «Казспортинвест» АҚ-ның вице-президенті қызметін атқарған. 2014 жылдың 17 ақпанынан бастап-27 наурыз 2017 жылға дейін Жамбыл облысы, Қордай ауданының әкімі,  2017 жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейін Шу ауданының әкімі қызметін атқарды.